Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Сабуров өзге ұлттардың қазақтар жайлы пікірі ерекше екенін айтты (видео)

Опубликовано:

Нұрлан Сабуров
Нұрлан Сабуров. Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров қазіргі уақытта Қазақстанның қалаларында концерт беруде. Ол "Түнгі студия" бағдарламасында шетелдіктердің қазақтар жайлы ерекше пікірде екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз өзі шетелде жүрген азаматтар мен азаматшаларымызға жанкүйерміз. Көрші елде Иманбек дейміз, Димаш, Головкин, Скриптонит бар барлығын қатты сыйлайды. Қазір әлемде "Қазақтар не істеп жатыр?" деген тренд-сұрақтар жиі қойылады. Біз солай көргіміз келе ме әлде әлемде қазақтардың дәуірі басталды ма?", - деп сұрайды.

Әзілкеш расымен әлемде қазақтардың имиджі жоғары екенін жиі байқайтынын айтты.

"Менің ойымша, Тәуелсіз мемлекеттер достығы (ТМД - ред) көлемінде қазақтардың имиджі өте жоғары. Көбі "мен қазақ болып туғым келеді", "Қазақтар әрдайым бірнәрсені ерекше жасайды" деп жатады. Әрине, әзілмен айтылатыны түсінікті.

Бірақ мұның өзі Қазақстанды білмейтін адамдарға ерекше әсер етеді. Бұл қазақтар жайлы жағымды пікірдің бастамасы. Болашақта спорт саласы мен өнерде, мәдениет, пен музыкада да жалғасын табады", — деді Нұрлан Сабыров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993789-nurlan-saburov-ozge-ulttardyn-qazaqtar-zaily-pikiri-erekse-ekenin-aitty-video/

pixel