Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сезініп ойнайтын актерлердің арасында химия мықты болады": Бадықова кинодағы "күйеуі" жайлы айтты (видео)

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: instagram.com/dariga_badykova

Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде оқырмандарының фильмдегі рөлдеріне байланысты түрлі сауал жолдайтынын жасырмады. Соның бірі отандық телесериалдағы жұбы Рүстем Жаныамановқа байланысты екен. Өнер иесі бір-бірінің ойын түсініп ойнайтын актерлердің арасында химия мықты болатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актрисаның айтуынша, күйеуі қызғаншақ адам емес. Ол бұл жайлы Instagram желісінде жазды.

"Күйеуіңіз қызғанады ма? Әйелі қызғанбайды ма? Фильмдерден жарасымды жұп көрсе өмірде де қоса қойғысы келеді адамдар. “Біз өмірде жұп емеспіз” десек ренжитіндер бар әуелі. "Қалай сонда, біз сеніп жүрсек" дейді.

Негізі бір-бірінің ойын түсініп, сезініп ойнайтын актерлердің арасында химия мықты болады. Оны көрермен сезеді. Бізден де сондай бір химия байқаған шығар, иә? Сосын да сеніп қалып, "күйеуіңіз қызғанбай ма, қалай" деп сұрайды.

Рүстемнің әйелі де, менің күйеуім де қызғаншақ емес, Құдайға шүкір дейік! Қызғанып жатса да, қазғаныш сезімінің құлы болады деп ойламаймын. Оның үстіне "қызғаншақ еді" деп мән беретін уақыт жоқ. Бұл - өнер. Екеуі де актер болғасын, осы салада жүргесін түсінеді ау! "Былай жүріңдер, былай тұрыңдар" деп Қылыш екеуміздің видеоларымыздың бәрін әуелі Дархан өзі түсіреді. Рүстем екеуміздің арамызда тек достық, жанашырлық", - деп жазбасын аяқтады актриса.

Айта кетейік, желі қолданушылары актриса мен актердің кинодағы жұбының расымен сәтті шыққанын жарыса жазды. "Екеуіңіз де керемет ойнайсыздар", "Мәтінді Айсараның даусымен оқып шықтым", "Дариға ханым, сіздердің рөлдеріңіз шынайы болғаны соншалық, мектепте оқитын сіңілім "Қылыштың өзінің әйелі бар екен ғой" деп ренжіп жүр" деп пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993874-aramyzda-ximiya-badyqova-kinodagy-kuieui-zaily-aitty-video/

pixel