Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақын Бақыт Беделхан 26 жыл бойы пәтер жағалап жүргенін айтты (видео)

Жарияланған күні:

Бақыт Беделхан
Бақыт Беделхан. Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

Ақын Бақыт Беделхан 26 жыл бойы жалдамалы пәтерде өмір сүрген. Ол өзіне былтыр Алматы қаласының әкімі пәтер беріп, үйлі болғанын жасырмай айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақын бұл жайлы "Менің өмірім" бағдарламасында мәлім еткен.

"Жалдамалы пәтерде жалпы есептесем, Алматыға келгелі 30 жыл болыпты. Соның 26 жылын пәтерде өтті. Былтыр ғана Алматыдан Бақытжан Сағынтаев үй берді. Оның өзі үлкен қуаныш болды.

Бәрі "Алматыда үйің жоқ па?" деп таңғалады. Астанада 3-4 жыл өмір сүріп, қайта Алматыға келдік. Қазір жаңа үйдеміз. Құдай көп көрмесін, себебі әкімшілік берген үйден қорқатын болдық қой.

Мен өзі дүниеге, тіршілікке, жоқтан бар жасауға ебі жоқ адаммын. Айзада да (жұбайы - ред) сондай. Таза өнер адамдарымыз. Бірақ бір далада қалған кезіміз жоқ. Бәрі "Екеуің екі көлік мінесіңдер, бірақ жалдамалы пәтерде жүресіңдер" деп таңғалады ғой. Бұл бір мақтану емес, тіршілігіміз болғаннан кейін екі көлік міндік. Оның театры бар, түсірілімі бар. Менің жазушылар одағым, шығармашылығым, той-томалағым бар", - деді ақын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993905-aqyn-baqyt-bedelxan-26-zyl-boiy-pater-zagalap-zurgenin-aitty-video/