Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин киім киісі жөнінен кімге еліктейтінін айтып берді (видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/nurbullin

Отандық әнші Нұрболат Абдуллин әріптестері арасында өзінің стилімен ерекшеленеді. Әнші "Түнгі студия" бағдарламасында киім киісі жөнінен кімге еліктейтінін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев әншіден "Жалпы осы түймені шешіп тастау деген стиль қайдан пайда болды? Біреуге еліктедің бе?", - деп сұрайды.

Ал әнші бала күнінен ресейлік әншінің концертін көп тамашалап, сол кісіге еліктегенін айтты.

"Негізі мен Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс деген ауылда туып өскенмін. Ауылда көрсететін бір ғана арна болатын. Өзі орысша арна еді. Қазір қандай екенін білмеймін. Сол жерде орысша концерттер жиі көрсетілетін.

Менің көп көретін әншім Александр Серов болды. Сол көз алдымда қалып қойды деп ойлаймын. Денесі үлкен, кеудесін ашып қояды, шашы ұзын. Сол келе келе, еліктедім", - деді Нұрболат Абдуллин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1994528-nurbolat-abdullin-kiim-kiisi-boiynsa-kimge-elikteitinin-aitty-video/

pixel