Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"21 күн түнедім": Нұрболат Абдуллин Алматыға алғаш келгенде қандай қиындыққа тап болған (видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/nurbullin

Отандық әнші Нұрболат Абдуллин өнерге келмес бұрын мұғалімдік қызметте болғанын бір сұхбатында мәлім еткен болатын. Шоу-бизнес өкілі Алматыға алғаш келген кездері жалдамалы пәтер тапқанға дейін мектеп партасында 21 күн түнегенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші "Түнгі студия" бағдарламасында ел білмейтін құпиясымен бөлісті.

"Қыркүйектің 3-4 күндері бар жүгімді жинап, Алматыға келдім. Директордың алдына кіргенімде апай "Қай жерге орналастың?" деп сұрады. Ол кезде Алматыны мүлде білмеймін. "Әлі пәтер таппадым" дедім.

Апайдың өзі "Таба алмай жатсаң, мына диванға қона сал" деді. Сол күні сенбі болатын. Кейін сенбі, жексенбі сол жерге қондым. Кейін өзімнің 27-ші кабинетімде пәтер тапқанша 21 күн парталарды қосып, түнегем. Ол да керек болған шығар", - деді Нұрболат Абдуллин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1994534-21-kun-tunedim-nurbolat-abdullin-almatyga-algas-kelgende-pater-tappai-parta-ustine-tunegen-kezderin-eske-aldy-video/

pixel