Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Жанель Мақажан күйеуіне берген уәдесін орындап, бұдан былай орамал тағатынын мәлім етті

Опубликовано:

Жанель Мақажан күйеуімен
Жанель Мақажан күйеуімен. Фото: instagram.com/janellemakajan

Отандық актриса Жанель Мақажан осыдан бірнеше күн бұрын күйеуіне уәде беріп, орамал тағатынын айтқан болатын. Өнер иесі сөзінде тұрып, жабық киінуге көшкен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанель Мақажан орамал тағатынын Instagram парақшасында жариялаған болатын.

"Бүгін сіз қалаған, сіз армандаған нәрсені айтқым келіп отыр. Сіз "Тосынсый қылып айт" дедіңіз ғой. Қағбаның қасында айтқан тосынсыйдан артық не болады?! Мен енді орамал тағамын", - деді видеода актриса.

Ал осы сәтте оның жары Абай Асылхан көз жасына ерік береді. Сонымен қатар актер жұбайына алғысын айтып, маңдайынан сүйеді.

Кейінірек актриса орамал тағуына не себеп болғанын оқырмандарына түсіндіріп жазды.

"Сапарымыз Медина қаласынан басталған еді. Сол кезде күнделікті Раббымнан орамалға махаббатыммен келуімді жалбарынып тіледім. Ой үстінде жүрген едім. 5 күннен кейін Меккеге жол тарттық. Бұл жерде шүбәсіз Раббымның ғана қалауымен келгенімді терең түсініп, мені үлкен өзгерістерге алып келді. Қағбаның жанында сұрағанымды көп ұзатпай беріп отырғаны мені қатты ойландырды.

Әбекемнің үлкен армандарының бірі, менің орамал тағуым еді. Баршамыздың дұғамыз қабыл болды", — деп жазған актриса.

Айта кетейік, актрисаның орамалдағы видеосы кейінірек Kaz.stars парақшасында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1994677-kuieuine-uade-bergen-otandyq-aktrisa-oramalga-keldi-video/

pixel