Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

65 жасқа толған Роза Рымбаеваны шоу-бизнес өкілдері мерейтойымен құттықтады (фото, видео)

Опубликовано:

Роза Рымбаева және шоу-бизнес өкілдері
Роза Рымбаева және шоу-бизнес өкілдері. Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген әртіс Роза Рымбаева бүгін 65 жасқа толды. Туған күнінде Түркия елінде ән кешін өткізуді жоспарлаған халық әртісін өнердегі әріптестері мерейтойымен құттықтаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның жұлдызды әншісі Instagram парақшасында биылғы мерейтойын Түркияның Белек қаласында өткізетінін айтты.

Өнер иесінің мәліметінше, ол шетелде жеке концертін өткізу және демалу мақсатымен бара жатыр.

"Түркияға ұшып бара жатырмын. Туған күнімді Белек қаласында сахнада концертпен атап өтемін. Солай болып қалды, туған күнімді сол жерде тойлайтын болдым. Әрине, Алматыда сахнада өткізу керек еді. Бірақ ол концерттің не болғанын өздеріңіз білесіздер. Құдайға шүкір, кеше Астанада жеке кешімді өткіздім. Енді Түркияда концерт қоямын", - деді әнші видеода.

Қазақстанның жұлдызды әншісін ең алдымен ұлы Әли Оқапов құттықтаған.

Роза Рымбаеваға ақ тілегін жаудырып, алғашқылардың бірі болып Майра Ілиясова мен Айгүл Елшібаева құттықтаған.

"Өмірдегі, өнердегі досым! Талай қуанышта, қай кезде де біріміздің жанынан біріміз табылатын асыл досым, туған күнің құтты болсын! Жас ,әдемі қалпыңда сиқырлы ғажап дауысыңмен халқыңды қуанта бер жаным", - деп жазды Майра Ілиясова Instagram парақшасында.

Айгүл Елшібаева Instagram желісінде әншіге немере сүйіп, әже атануын тіледі.

"Құрметті, Роза Қуанышқызы! 65 жас мерейтойыңыз құтты болсын! Сахнада Бибігүл апайдай 90-ға келгенше ән салыңыз. Жүз жасаңыз. Әли мен Мәдиден немере сүйген Роза әже атаныңыз", - деп жазды Елшібаева.

Роза Қуанышқызын мерейтойымен құттықтағандар арасында Маржан Арапбаева мен Фарида Жолдасова да бар.

Айта кетейік, Роза Рымбаева 1957 жылдың 28 қазанында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келді.

Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанған.

Әнші 1979 жылы дирижер, композитор Тасқын Оқаповқа тұрмысқа шығып, Әли мен Мәди есімді екі ұлды дүниеге әкелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1994768-65-zasqa-tolgan-roza-rymbaevany-sou-biznes-okilderi-mereitoiymen-quttyqtady-foto-video/

pixel