Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұланғасыр Қами танымал әнінен соң табысы қалай өскенін айтты (видео)

Опубликовано:

Ұланғасыр Қамиев
Ұланғасыр Қамиев. Фото: instagram.com/ulangasyrqamiev

"Қызыл раушан" хит әні желі бас-аяғы 37 миллион қаралым жинаған. Қазіргі таңда әр тойдың сәніне айналған әннің орындаушысы Ұланғасыр Қамиев танымал туындысынан соң табысының қалай өскенін "Менің өмірім" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында жүргізуші әншіден "Танымал болып өзгеріп жатырмын деп айтып отырсыз. Танымалдылығыңыз табысыңызға да әсер етіп жатқан шығар", - деп сұрайды.

Ал Ұланғасыр Қамиев өзінің ақшаға мұқтаж болған сәттерін жоққа шығармады. Алайда бүгінгі таңда табысы айтарлықтай өскен.

"Осыған дейін ақшаға қатты мұқтаж болып келдік. 100 мың теңге біз үшін таптырмас ақша болатын, миллиондай көрінетін. Қазір күнде шүкіршілік айтып жүрміз. Қазір 100 мың теңге ақша емес сияқты көрініп бара жатыр. Сол күнімізді еске түсіріп қоямыз.

Иә, табыс келіп жатыр, Аллаға шүкір. Осы күнге дейін қиналып, еңбектенгенімізге Алла беріп жатыр", - деді Ұланғасыр Қамиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995026-ulangasyr-qami-tanymal-aninen-son-tabysy-qalai-oskenin-aitty-video/