"Келінжан" сериалына түскен актерлер гонорары туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Дариға Бадықова мен Рүстем Жаныаманов
Дариға Бадықова мен Рүстем Жаныаманов. Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы

Көпшіліктің көңілінен шыққан отандық "Келінжан" сериалының актерлері гонорарының қанша екенін айтты. Өнер иелері "Түнгі студия" бағдарламасына қонаққа келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында жүргізушілер "Келінжан" сериалының актерлерінен қанша қаламақы алатынын сұраған.

Ал Дариға Бадықова мен Рүстем Жаныаманов жақсы гонорар алғандарын айтты.

"Тым арзан емес енді. Өзіңнің жасап жүрген ісіңе қарай, бұл кісілер де бағалайды ғой. "Келінжанға" келгенде, біздің продюсеріміз қосты. Гонорар жақсы, Құдайға шүкір. Түсірілім барысы қызықты болды. Ол да бір есте қалатын дүние ғой", - деді отандық сериалға түскен актерлер.

Айта кетейік, "Келінжан" сериалында Дариға Бадықова - Айсараның, Рүстем Жаныаманов - Қылышбектің рөлін ойнаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995157-kelinzan-serialyna-tusken-akterlerdin-gonorary-qansa-video/