Желі жұлдызына айналған әншінің өнерге келмес бұрын немен айналысқаны белгілі болды (видео)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде танымал болған желі жұлдызы Мейіржан Қазыбекұлы өнер әлеміне келмес бұрын қандай қызметпен айналысқанын айтты, деп жазады "Жетісу" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мейіржан Қазыбекұлы өнер әлеміне енді ғана қадам басқанына қарамастан, әннің сөзін де әуенін де өзі жазуға тырысады.
"Қарындасым" әнінің сөзі де, әні де өзімдікі. Туған қарындасыма арнаған авторлық әнім. Өнерге келмес бұрын кәсіпкерлікпен айналыстым.
Мектеп қабырғасында жүргеннен өлең жазатынмын. Әу демейтін қазақ жоқ қой. Қазірге дейін 14 әнім, 5 бейнебаяным бар. Талант анам мен әкем жағында да бар. Сондықтан ән айту өнері екі жақтан да келген. Өзім Балқаш өңірінің тумасымын", - деді әнші.
Айта кетейік, Мейіржан Қазыбекұлы көпшілікке "Ана", "Қарындасым", "Кімге керексің" әндерімен танымал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995169-zeli-zuldyzyna-ainalgan-ansinin-onerge-kelmes-buryn-kim-bolgany-belgili-boldy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.