"Махаббатымның гүлдері": Гүл шоғын сыйға алған Ерке Есмахан жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Осыдан біраз уақыт бұрын тұрмысқа шығып, балалы болғысы келетінін айтқан Ерке Есмахан әлеуметтік желіге бір құшақ гүлмен түскен суретін жариялады. Әнші махаббат жайлы жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram парақшасында жариялаған видеодан әншінің орамал тағып алғанын байқауға болады.

"Махаббатымның ерекше гүлдерін алған соң, шабыттанып орамал тағып, үй жинадым. Осындай Ерке ұнады ма", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан тұрмысқа шыққысы келетінін мәлімдеген болатын.

"Ерке Есмахан, сенің арманың бітпейді. Бетіңді сыйпалап, әдемі киініп, ұшып-қонып жүрсең болды. Сол рахат саған. Ал қарапайым Ерке күйеуге шығып, бала туып, үй жинап, күйеуіне тамақ дайындап, келін болып отырғысы келеді. Осы екеуінің ортасын қалай табамын? Ақыл айтыңыздаршы", - деп жазған болатын әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995226-maxabbatymnyn-gulderi-gul-sogyn-syiga-algan-erke-esmaxan-zazbasymen-kopsilikti-qyzyqtyryp-qoidy-video/