Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол кезде ондай ән айтпайтынмын": Абай Бегей танымал хит әнін 30 мың теңгеге сатып алған (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей
Абай Бегей. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Отандық әнші Абай Бегей көпшілікке "Аспанға қараймын" әнімен танылған болатын. Өнер иесі аталмыш әнді 30 мың теңгеге сатып алғанын "1001 түн" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұл әннің шыққанына 9 жыл болды. Өнерге келіп, біраз жүрдім. Ұлықпан ағамыз көмектесті. Біраз ән жаздырдым. Ұлықпан ағамыз "Осы әнді айтсаң қалай болады?" деп маған берді. Ол кезде тойға барып, қазіргідей әндер айтпайтын. Мен де ондай әндерді ол кезде айтпайтынмын. Ұлықпан аға "Онда Каспий тобы" айтады деді. Мен ойланып қалдым да "Жоқ, онда айтамын" дедім.

Әннің сөзі де, әні де Дәуір Сағындықов деген кісінікі. Әнді 30 мың теңгеге сатып алдық. Ол кезде 30 мың теңге біраз ақша еді. Менде ондай ақша жоқ. Жаңабай деген ағамыздан сұрап алдым. Кейін ақшасын қайтарып бердім", - деді Абай Бегей.

Әншінің айтуынша, ол "Аспанға қараймын" әніне дейін көлігін сатып, отызға тарта ән жаздырған.

"Оның алдында көлігімді сатып, біраз қаражат салып, 30 шақты ән жаздым. "Мына әнім соңғы әнім" деп, Ақтауға кетіп қалдым. Себебі анам ауырып жатқан. Бір-екі айдан кейін Ақтаудағы кафелерден "Аспанға қараймынның" айтылып жатқанын естідім. Кейін Тимати концертінде қойды. Осы ән танымал болуыма себеп болды", - деді Абай Бегей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995356-ol-kezde-ondai-an-aitpaitynmyn-abai-begei-tanymal-xit-anin-30-myn-tengege-satyp-algan-video/

pixel