Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байзақованың інісі қымбат Cadillac Escalade көлігін көрсетіп, елден көрімдік сұрады (видео)

Опубликовано:

Әлихан Байзақов
Әлихан Байзақов. Фото: instagram.com/baizaakov

Блогер Айжан Байзақованың інісі су жаңа көлігін көрсетіп, көпшіліктен көрімдік сұрады. Әлихан Байзақовқа Cadillac Escalade көлігі Дубайда жүргенде ұнап қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жаңа көлігін Әлихан Байзақов Instagram парақшасында жариялады.

Айта кетейік, нарықтағы мұндай көліктің құны 89,5 миллион теңгеден 95 миллион теңге аралығында.

"Байзақовалардың гаражы жаңа көлікпен толықты. Дубайда жүргенде мініп көрдім. Ұнатып, Алматыға келе сала сатып алдым. Көрімдік қабылданады", - деді Байзақов.

Ал желі қолданушылары блогердің інісін жарыса құттықтады.

"Керемет", "Құтты болсын", "Ақшаны қайдан аласыздар?", "Қазақстандықтардың жартысы несиемен жүр. Құпияңызбен бөлісіңізші", "Осы кісілерде арман жоқ шығар", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995743-baizaqovanyn-inisi-qymbat-cadillac-escalade-koligin-korsetip-elden-korimdik-surady-video/

pixel