Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол апатына ұшыраған Дариға Бадықова қазіргі жағдайын бөлісті

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: instagram.com/dariga_badykova

Осыдан бірнеше күн бұрын жұбайымен бірге жол апатына ұшыраған актриса Дариға Бадықова қазіргі жағдайын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі денсаулығы жайлы Instagram парақшасында айтты.

"Жаратушыға шүкір! Бәрі дұрысталды. Хабарласып, жағдай сұраған жандарға алғыс. Іште уайым бар. Ажалмен қарама-қарсы келгенде, денеңді бос жіберіп, "бәрі бітті" дейді екенсің. Адам өзіне "Неге?" деген сұрақты ғана қояды екен.

Түйгенім, адамдарға көзімен көрмесе де, жүрегімен сезбесе де көмектесуді жалғастыра беремін. Көмектесе беремін", - деді Бадықова.

Естеріңізге сала кетейік, Дариға Бадықованың жолдасымен іс-шарадан кері қайтқанда жол апатына ұшыраған болатын.

Актриса оқиғадан беті сырылып, шынтағына зақым келгенін айтты. Ал жол апатынан ең қатты зардап шеккен актрисаның жолдасы болып шықты. Оның бір қолы морт сынған, шекесін тігуге тура келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995781-zol-apatyna-usyragan-dariga-badyqova-qazirgi-zagdaiyn-bolisti/