Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақыттымын": Тәуекел Мүсілім әкесінен көре алмаған сезімді ұлына бергісі келетінін айтты (видео)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім отбасымен
Тәуекел Мүсілім отбасымен. Фото: instagram.com/mussilim

Танымал актер Тәуекел Мүсілім "Әке бақыты" бағдарламасында өз әкесі жайлы айтты. Өнер иесі бала кезінде өзі әкесінен сезіне алмаған сезімдер мен көре алмаған дүниенің бәрін өз баласына бергісі келетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім әке атанғалы әрдайым баласын ойлап жүретінін жеткізді.

"Балаға деген жауапкершілік артады. "Әке мен шешенің қадірін балалы болғанда білесің" деп бекер айтпайды екен. Қазір өзім сезініп жатырмын. Әйтеуір қызуы көтерсе, жөтеліп қалса бірден шошып, әбігерге түседі екенсің. "Балам не істеп жатыр екен?", "Жарақаттанып қалмасын" деп, ойың әрдайым балаңда болады.

Өзім "Ұлым болса" деп қатты аңсадым. Тұңғышым ұл болды. Бала кезде өзім көре алмаған дүниенің бәрін, сезімдерді өз балама бергім келеді", - деді Тәуекел Мүсілім.

Актердің айтуынша, ұлы карантин уақытында дүниеге келгендіктен оны перзентханаға кіргізбеген.

"Айтөре 8 қаңтар күні дүниеге келді. Ол кез пандемия уақыты еді. Мені кіргізбегеннен кейін, Махаббат перзентханаға өзі кірді. Махаббат перзентханаға бара жатқан жолда да "Мені қазір үйге қайтаратын шығар" деп қорқып отырған болатын. Оны перзентханаға қалдырғаныма бір сағат болғанда дәрігер хабарласып, "Ұлды болдыңыз" деп құттықтау айтты.

Ұлды болдым, балам бар, бақыттымын. Қолымнан келгенше Айтөреге жақсы тәрбие беріп, жақсы азамат қылып өсіруге тырысамын", - деді Тәуекел Мүсілім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996027-baqyttymyn-tauekel-musilim-akesinen-kore-almagan-sezimdi-ulyna-bergisi-keletinin-aitty-video/

pixel