Төреғали Төреәлінің қарындасына Қайрат Нұртас бастаған әншілер сыңсу айтты (видео)

Опубликовано:

Әншілер сыңсу айтуда
Әншілер. Скриншот: Той Думан арнасы

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы ұзатылды. Дина Төреәлінің тойында еліміздегі ең беделді әншілер сыңсу әнін орындаған, деп хабарлайды Той Думан арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дина Төреәліге ән арнаған жұлдыздар қатарында Ернар Айдар, Қайрат Нұртас, Қуандық Рахым, Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа мен Еркін Нұржанов бар.

Олар Тоқтар Серіковтің репертуарындағы "Алақаннан ұшқан аққуым" әнін орындаған.

Желі қолданушылары бұл әнді жылы қабылдап, пікірлерін жаудырды.

"Қазақтың мақтаныштары, қазақтың майталмандары", "Аллаға шүкір, өзге елдер бір бірімен жер-дүниеге таласса, біздің ел тойлап, қуанышқа бөленіп жатырмыз", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетелік, Динаға әкесі де ән арнап, көпшілікті елжіреткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996660-toregali-torealinin-qaryndasyna-qairat-nurtas-bastagan-ansiler-synsu-aitty-video/