Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асыл жар ғой": Әйеліне жылы лебіз білдірген Тука көпшілікті елжіретті (видео)

Опубликовано:

Нұржан Төлендиев
Нұржан Төлендиев. Фото: instagram.com/nurjan.tolendiev.official

Көпшілікке Тука лақап атымен таныс әзілкеш Нұржан Төлендиевтің әйеліне жылы лебізін арнаған сәті әлеуметтік желіге тарап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан әртістің әйелі Ақнұрға дастарқан басында сезімін білдіргенін көруге болады.

"Мақтаныш емес, бірақ асыл жар ғой. Өмірде перзент сыйлаған жан. Әке-шешең кеткеннен кейін, әйелжанды болып бара жатырмын. Сен мұнан да қымбатсың ғой", - деді актер желіге тараған видеода.

Айта кетейік, "Шаншар" театрында "Тука" есімімен танылған актердің алты баласы бар.

"Шаншардан" бөлініп шыққан Нұржан Төлендиев 2009 жылдан бері "Алдараспан" театрын басқарды.

Актер осыдан бірнеше жыл бұрын отбасы мүшелерін елге алғаш рет таныстырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996688-aieline-zyly-lebiz-bildirgen-tuka-kopsilikti-elziretti-video/