Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәдениетімізді аяққа таптап жатырмыз": Жанар Айжанова қоғамдағы ерсі әрекеттерді сынға алды (видео)

Опубликовано:

Жанар Айжанова
Жанар Айжанова. Фото: instagram.com/zhanar_aizhanova

XXVII Пусан халықаралық кинофестивалінде "Үздік әйел рөлі" аталымындағы үміткерлердің бестігіне енген әнші Жанар Айжанова Корей елінің мәдениетін мақтады. Өнер иесі "Түнгі студия" бағдарламасына келіп, қоғамда ер мен ердің ерін сүйіп амандасқанынан шошып жүргенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кореядан келгеніме көп болмады. Бұл менің үш ұйықтасам түсіме кірмеді. Өйткені актерліктің соңына түскен, менен де мүйізі қарағайдай замандастарым бар. Мен "Киноға келдім" деп айта аламын ба, білмеймін. Әйтеуір шет жағасында жүрмін. Пусан қаласында бүкіл Азия бойынша өткен кинофестиваль. Мен 87 актердің ішінен үздік бестікке іліндім. Бұл менің жас командамның, режиссер мен продюсерімнің, сценарисімнің еңбегінің еленгені. "Қазақ әйелінің образын көрсеттім" деп ойлаймын. Мен бәрін түсіндіріп кеттім.

Менің ең қызыққаным, ол жақта қарапайымдылықтан асқан нәрсе жоқ. Қарапайымдылық бірінші орында екен. Фестивальдің директоры жаныма келіп, гүлімен күтіп алып жатыр. "Сіздің сериалыңыз арқылы қазақтың салты мен дәстүрімен таныстым" деді. Маған соның өзі жеткілікті. Кейін "Мынау кім?" деп сұрастырсам, сол Канн фестивалінің директоры, ұйымдастырушысы екен.

Екінші бір қызыққаным, олардың қарапайымдылығы. Бізге жетпей жатқан мәдениеттің бір саласы деп айтайық. Бізде сондай нәрсе болса, бір адамның соңында сөмкесін көтеріп, видеоға түсіріп, 40 қалмақ жүреді ғой. Олар жай ғана келіп, бәрімізді қараңғылау бөлмеге жинады. Мен "Мыналардың актері қайда?" деп ойлап қоямын. Сөйтсем, мүйізі қарағайдай актерлердің ортасында отыр екенмін. Мен дораманы қарамағасын, көбісін танымағанмын. Бірінші орын алған қызбен қолтықтасып, диванда бірге отыр екенмін", - деп ағынан жарылды Жанар Айжанова.

Сонымен қатар актриса көшеде жастардың темекіні мүлде аузына алмайтынын да үлгі етті.

Актрисаның айтуынша, біздің қазақта одан да зор мәдениет үлгісі бар. Айжанова өз мәдениетімізді өзіміз аяққа таптап жатқанымызды айтты.

"Менің таңғалдырғаны, көшеде, әуежайда темекі шегуге болмайды. "Біздің жастарға да айтса, шіркін-ай біреуі темекі шекпейді екен" деп ойлағанмын. Сыртта темекі шегетін арнайы орны бар. Сол жерде темекісін өшіріп, түтінін шығармай кетеді екен. Қандай керемет мәдениет? Сол мәдениеттің барлығы біздің қазақтың салтында бар. Одан да зоры бар. Біздің қазақта әрі-беріден кейін дастарқан басында тамақ ішіп отырған адам қол алысып амандайпайды. Ол бір жағынан тазалыққа жатпайды.

Екіншіден, тамақ ішіп отырған адамның мазасын алатындықтан мәдениетке де жатпайды. Кеудеге қолды қойып, иіліп қана сәлем береді. Қазір бізді тұрғызып алады. Одан қалды еркек пен еркек еріннен сүйіп жатады. Асыра сілтеумен біз құртып жатырмыз. Мәдениетімізді өзіміз аяққа таптап жатырмыз. Әр жақтың жақсысын алуымыз керек. Барлық актер мен актриса кәрісше сөйледі. Өздерін қатты сыйлайды", - деді Жанар Айжанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996743-madenietimizdi-ayaqqa-taptap-zatyrmyz-zanar-aizanova-qogamda-oryn-alyp-zatqan-ersi-areketterdi-synga-aldy-video/

pixel