jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Көтердім": Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласын күтіп жүргенін айтты

    Жұлдыз Әбдікәрімова
    Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында бесінші баласын "көтергенін" айтып, желідегі оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Мен бұл жаңалықпен басқаша бөлісем деп елестеттім: жоғары көңіл-күй, шарлар, торт, әдемі көйлек, жақын жандар...

    Бірақ бәрі біз ойлағандай бола бермейді екен. Жарайды, қайырлысы. Көп созбай айтайын, әлде шарымды, тортымды дайындап, көйлегімді киіп алып айтайын ба?

    Сіздердің көптен бері тілеп жүрген, сұрап жүрген, күтіп жүрген жаңалықтарыңыз орындалды! Мен бесінші баламды "көтердім". Қалған сезімдерімді келесі жазбаларымда айтып берермін. Себебі бір постқа сыймайтындай-ақ жалғасы бар...", - деп жазды ол.

    Оқырмандардың бұл "жаңалыққа" қатысты пікірі екіге жарылған. Бірі актрисаға сенбейтіндерін айтса, басқа оқырмандары құттықтап, тілек білдіруде.

    Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы
    Instagram скриншоты: NUR.KZ

    "Жаным сол аман-есен бауырыңа бас, қуанып кеттім ғой", "Құтты болсын!", "Мысығы шығар баяғы", "Қайратпен ажырасып кеткен ғой, соны көтерген шығар", - деп жазды желі қолданушылары.

    "Көтердім": Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласын күтіп жүргенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.