Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салтанат Бақаева құрбысы актриса ГүлбаҺрам Байбосынованы ұзатты (видео)

Опубликовано:

Салтанат Бақаева, Гүлбаһрам Байбосынова
Салтанат Бақаева, Гүлбаһрам Байбосынова. Фото: instagram.com/saltanat_bakayeva

Әнші Салтанат Бақаева актриса Гүлбаһрам Байбосынованы ұзатты. Өнер иесі құрбысының ұзатылған сәтін Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрбымды ұзатамын деп жылап қалдым. Гүлбаһрам екеуіміз абитуриент кезімізден доспыз. Алғаш танысқанымызда ең бірінші әдемілігіне сосын адамгершілігіне таң қалдым. Бақытты бол", - деп жазды Салтанат Бақаева.

Айта кетейік, Гүлбаһрам Байбосынованың таңдауы әріптесі, актер Қазбек Төленге түскен.

"Бүгін Алланың қалауымен үлкен қадам жасадық. Өмірдің ызғары мен ыстығына өзіңізбен бірге шыдауға дайынмын. Толыққанды бақыттың егесі болып, сол үлкен бақыттың бесігінде тербеліп және оның екі дүниеде де жалғасуын тілеймін. Алла разылығы үшін жақсы көремін сізді", - деп жазды Қазбек Төлен Instagram желісінде.

Ал актердің бұл жазбасына ұзатылған актриса Гүлбаһрам Байбосынова да сүйіктісін Алла разылығы үшін жақсы көретінін айтып, жауап қайтарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997017-saltanat-baqaeva-qurbysy-aktrisa-gulbahram-baibosynovany-uzatty-video/

pixel