Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аналары болғанда басқа болар еді": Балалары туралы айтқан Медеу Арынбаев жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Медеу Арынбаев
Медеу Арынбаев. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Өнер әлемінде жүргеніне 30 жылдан асқан әнші Медеу Арынбаев "1001 түн" бағдарламасында жан сырын ақтарды. Пандемия уақытында өзге әртістер бизнес бастаса, Арынбаев өнерден өзге салаға мойын бұрмаған. Ол 25 жылдан бері тек композиторлықпен айналысып келе жатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сахнада өз қалауыммен бір бағытты ұстап келе жатырмын. Ұстаздыққа да бет бұрмадым. Ән айтып, 25 жылдан бері композиторлықпен айналысып келе жатырмын.

Ән жазу менде әдетке айналған. Пандемия маған оңынан әсер етті. Кәсіби шеберлігімді шыңдап, дауысымды орнына қойдым. Әнді өңдеуді үйреніп алдым. Ән сатып ақша таппаймын, ол заман кетті ғой", - деді әнші.

Сонымен қатар Медеу Арынбаев отбасы және ұлы мен қызы жайлы айтты.

"Ұлым Алматыда. Оқуды тәмамдап, жұмыс қарастырып жатыр. Қызым қазір Вьетнамда. Заманауи бидің шебері екен. Әлеуметтік желіге шығып жүреді екен, мен оны білмеймін. Екеуі де өнерлі, бірақ сахнаның өте жауапты екенін, оңай еместігін біледі.

Қызым өзіме тартқан. Өзі жұмысқа кіреді, өзі орталық ашады. Мен тек қана қолдаушымын. Мені де әке-шешем "Аллаға тапсырдық" деген. Қызымды мен де бір Аллаға тапсырдым, сенемін. Мен балаларыма сенемін. "Өзімнің жүріс-тұрысыммен үлгі болсам" деген ұстанымым бар. Аналары болғанда мүлде басқа болар еді. Астарлап қана, "Абайлап жүріңдер. Шектен шықпаңдар" деймін болды", - деді Медеу Арынбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997086-analary-bolganda-basqa-bolar-edi-balalary-turaly-aitqan-medeu-arynbaev-zan-syryn-aqtardy/

pixel