Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не деген жанкештілік": Мадина Сәдуақасованың сахналық аяқ киімі "Ялла" тобының әншілерін шошытты (видео)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова сахналық аяқ киімін көрсетіп, "Ялла" тобының мүшелерін таңғалдырды. Әншінің биік өкшелі аяқ киіміне желі қолданушылары да таңғалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің өзі Instagram парақшасында өздері сұрағаннан кейін біз өкшесін амалсыз көрсеткенін жазды.

"Аяқ киіміңді көрсетші. Бойың бір түрлі ұзарып кеткен бе? деп сұраған соң, амал жоқ көрсеттім", - деді Сәдуақасова.

Видеодан "Ялла" тобының мүшелері таңғалысын жасыра алмағанын байқауға болады.

Әншінің сахнаған қандай аяқ киіммен шығатынын көрген желі қолданушылары да таңданысын жасыра алмады.

"Не деген жанкештілік", "Ұзын етек көйлек киіп, біз өкшемен жүру де оңай емес", "Сахнаға шыққанда неге бір орында қозғалмай тұрады деп ойлайтын едім".

"Абырой берсін. Аяқ киіміңнің түрі қорқынышты екен. Әйтеуір құлап қалма", "Масқара, сонша биік өкшемен қалай жүресіз?", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997197-ne-degen-zankestilik-madina-saduaqasovanyn-saxnalyq-ayaq-kiimi-yalla-tobynyn-ansilerin-sosytty-video/

pixel