Ләйлә Сұлтанқызы: Бәрінің елес болып қалғанына сене алмаймын

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен
Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіне марқұм жұбайымен түскен суретін салып, жантебірентерлік жазба арнады. Тележүргізуші енді балалары үшін барлық қиындыққа төтеп беруге тырысатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анашым, жылай бермеші, сен бізге енді бұрынғыдан да қатты керексің. Әке, келіп қалатын сияқты" дейді тұңғышым. Кенжем Сардар болса, білдірмей, бөлмесіне барып жылап алады. Сардардың әкесімен қарым-қатынасы ерекше болды. Кенжесі болған соң ба, қатты еркелетіп өсірді.

Бір жұбанышым, әйтеуір екеуінің екі үлкен ағасы, әпкесі бар, жалғыз емес. Қайрат үнемі балаларын жанына жиып жүретін. Әр немересіне жеке көңіл бөліп, келіндерін аузынан тастамайтын. Олар да маған құрбы сияқты болып кеткен. Сол жағын ойласам, қуанам. Ұлдарға бауырмалдылық, отбасы құндылықтарын жақсы көрсете білді. Жазда ғана қызын ұзатып, үлкен той жасаған еді.

Ұл-қыздары, немерелерімен шүйіркелесіп отырған суреттерін өзім түсіріп едім. Әлі де бәрінің жай ғана елес болып қалғанына сене алмаймын. Бірақ ұрпағы үшін бәріне төтеп беруге уәде бердім", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Естеріңізге сала кетейік, Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркінбаев қайтыс болғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997546-laila-sultanqyzy-barinin-eles-bolyp-qalganyna-sene-almaimyn/