Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Еркебұлан Дайыров әке атанды (видео)

Опубликовано:

Еркебұлан Дайыров жұбайымен
Еркебұлан Дайыров жұбайымен. Фото: instagram.com/leila_tleuova

Отандық актер Еркебұлан Дайыров әке атанды. Өнер иесі Instagram желісінде өзін құттықтаған дос-жарандарының бәріне алғыс айтып, видео жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актердің жұбайы Ләйлә Тілеуова әлеуметтік желіде атұстардың дүниеге келгенін хабарлады.

Оның айтуынша, босанған уақытта жұбайы өзге қалада іссапарда болған.

"Аллаға шүкір, аман-есен дүниеге келді. Әкесі 1-нен бастап жұмыс бабымен қалада жоқ. Менің жағдайым кішкене мәз емес. Сондықтан қоңырауларға жауап бере алмаймын. Кішкене өзіме келіп алайын. Құттықтауларыңызға рахмет! Ең бастысы балаларымыз аман болсын", - деп жазды Еркебұлан Дайыровтың жұбайы Instagram парақшасында.

Ал актердің өзі әлеуметтік желіге видео жариялап, тілеулес болған жандарға алғыс білдірді.

"Құрметті достар, оқырмандар, рахмет сіздерге! Баршаңыздың құттықтауларыңызды көріп жатырмын. Қазір Шымкентте гастрольдік сапарда жүрміз. Сол себептен сіздердің тілектеріңізге "рахмет" деп айтуға уақыттың ыңғайы келмей жатыр. Барлығыңызға Алла разы болсын!", - деп жазды Еркебұлан Дайыров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997739-akter-erkebulan-daiyrov-ake-atandy-video/

pixel