Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем 85-те, анам 81-де": Отандық әнші Бүркіт көпшілікке әке-шешесін көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша. Фото: instagram.com/berkut_aibekjan

Өнер әлемінде көпшілікке Бүркіт лақап атымен танылған Айбек Жансейітов жеке концертінде көпшілікке ата-анасын көрсетті. Ол ән кешіне келген тыңдармандарына әке-шешесінің 80-нен асқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, әкесі мен анасы ұлының концертін көруге арнайы Тараздан келген.

"Әкем 85- те, анам-81-де. Бұл кісілер арнайы Тараздан келіп отыр. Әке, қалыңыз қалай? Нағыз жұлдыз осы кісі. Үндінің актерінен аумайды", - деді сахнада тұрған әнші Instagram парақшасында.

Бүркіттің ата-анасы
Бүркіттің ата-анасы. Фото: instagram.com/berkut_aibekjan

Ал әншінің ата-анасы концертке жиналған халыққа орнынан тұрып, бас иіп, сәлем берген.

Видеодан Бүркіт пен Аишаның ән кешіне жиналған көпшілік әншінің әкесі мен анасы ду қол шапалақ ұрып, құрмет көрсеткенін көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997836-akem-85-te-anam-81-de-otandyq-ansi-burkit-kopsilikke-ake-sesesin-korsetti-foto-video/

pixel