Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан аруы-2022" байқауының жеңімпазы анықталды

Опубликовано:

Томирис Кәкімова (ортада) басқа финалистермен
Томирис Кәкімова (ортада) басқа финалистермен. Фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Алматыда "Қазақстан аруы-2022" байқауының жеңімпазы анықталды. Сұлулық сайысында 23 ару бақ сынады, оның алтауы Алматыдан қатысты. Жалпы алғанда байқауға 20 мыңнан аса өтініш түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байқауға баға беретін әділқазы құрамына Динара Сәтжан, Жан Мұқанов, Айдай Исаева мен Дана Есеева, Аружан Жазылбекова және украиналық әнші Лобода кірді.

Байқау барысында Лобода өз таңданысын жасырмай, бірнеше әнін де орындады.

"Көз ала алмай отырмын. Шоу-бағдарлама өте жоғары деңгейде құрылған. Әдетте мұндай шоулар қызықсыз болады, бүгін олай емес", - деді ол.

Ақтық сында әділқазы алқасы 23 қыздың 12-сін , артынша тек бесеуін таңдады. Олар-Диана Тәшімбетова, Томирис Заир, Томирис Кәкімова, Дильназ Тилаева, Эльма Қалмұрзаева

Осылайша, "Қазақстан аруы" атағын және "Әлем аруына" жолдаманы астаналық 24 жастағы Томирис Кәкімова иеленді. Ал "Әлем аруы Қазақстан" тәжін алматылық 19 жастағы Диана Тәшімбаева алды. "Қазақстан жер аруы" атағы алматылық 19 жастағы Дильназ Тилаеваға бұйырды. "Қазақстан вице-аруы-2022" атағын Томирис Заир иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997894-qazaqstan-aruy-2022-baiqauynyn-zenimpazy-anyqtaldy/

pixel