Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзің дұрыс өмір сүр": Продюсер Гүлнұр Мамасарипова бала тәрбиесіне қатысты өз ойын айтты (видео)

Жарияланған күні:

Гүлнұр Мамасарипова
Гүлнұр Мамасарипова. Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

Бүгінде әже атанған продюсер Гүлнұр Мамасарипова балаларын қалай тәрбие беретінін айтты. "Менің өмірім" бағдарламасына келген режиссер бала тәрбиесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мамасарипованың айтуынша, анасы өмір бойы қызметте болған адам. Сондықтан продюсер де өзін жұмыссыз отырған әйел ретінде елестете алмайды.

"Мен өзімнің ересек өмірімді жұмыссыз отырған әйел ретінде елестетіп көрмегенмін. "Бала-шағаңызды қалай тәрбиелейсіз?" деген сұрақ қойып жатады. Жалпы оның ешқандай формуласы жоқ. Алдымен өзіңді тәрбиеле, өзің дұрыс өмір сүр. Сен оларға айнасың. Бала сенің өмір сүру салтыңа қарап, өмірінде сондай дәстүр қалыптастырады.

Сенің бір қасиетіңді балаң байқауы мүмкін, біреуін байқамауы мүмкін. Дегенмен жүзден бір қасиетің сіңеді ғой. Сенің өзің таза болса, үйің жинаулы, итіңе дейін тамағы берулі болса, балаң соны қайталайды", - деді продюсер.

Сонымен қатар Гүлнұр Мамасарипова өзінің ата-анасы жайлы да сыр шертті.

"Өзім анама ризамын. Өзі ұзақ өмір сүрмесе де, бізге көп нәрсе үйретіп, көрсетіп кетті. Ал әкем менің ағам сияқты болды. Әке-шешем бөлек тұрып, келіп-кеткенде менің ағам сияқты болатын.

Атам мен апамда алты ұл, екі қыз болатын. Әкем екеуміздің арамыздағы сол қарым-қатынас өмірдің соңына дейін қалды. Әкемнің өмірінде мен бірінші орында тұрғанымды білемін", - деді продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998199-ozin-durys-omir-sur-prodyuser-gulnur-mamasaripova-bala-tarbiesine-qatysty-oz-oiyn-aitty-video/