Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келіні деп айтпайсың": Көпшілік Балжан Бидашты енесіне ұқсатты (фото)

Опубликовано:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

Әлеуметтік желіге отбасылық суретін жүктеп, енесіне жылы лебіз арнаған "КешYOU" тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаш көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Желі қолданушылары әншінің сырт келбеті енесіне қатты ұқсайтынын байқаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Күйеуінің анасына арнаған ақ тілегін Балжан Бидаш Instagram желісінде жариялады.

"Бала үшін әлемдегі ең қымбат ол - ана. Анашым, туған күніңіз құтты болсын! Деніңіз сау болып, қасымызда осылай күліп-ойнап, еркелетіп жүре беріңіз. Әкешім екеуіңіз бақытты ғұмыр кешіп жүре беріңіздер. Ел құрметтеген ұлдың құрметті анасы болып жүре беріңіз", - деп жазды Балжан Бидаш.

Құттықтау тілегін жазған желі қолданушылары әншінің өте жақсы келін екенін айта кетті.

"Келіні деп айтпайсың. Қызы мен анасы секілді", "Барлығыңыз ұқсап қалыпсыздар", "Сізге де ана бақытын тілейміз", "Немере сүюді жазсын", - деді Балжан Бидаштың оқырмандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998256-kelini-dep-aitpaisyn-kopsilik-balzan-bidasty-enesine-uqsatty-foto/

pixel