Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова жаңа образымен көпшілікті таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова өзгеше образымен көпшілікті таңғалдырды. Адам танымастай өзгерген әншінің келбетін Instagram қолданушылары қызу талқыға салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Видеоны көрер алдын ыңғайланып отырып алыңыз. Образ қай фильмден?", - деді әнші.

Ал желі қолданушылары Сәдуақасованың жаңа образын қызу талқыға салды. Олардың пікірі екіге жарылған. Бірі әншінің жаңа образын қолдаса, екіншілеріне Мадина Сәдуақасованың бұл келбеті ұнамаған.

"Бірінші түрің - табиғат сұлулығы, екінші түріңнен Құдай сақтасын", "Өте әдемісіз", "Адамдар негативті пікір жазбас бұрын өздеріне қарап алса екен", "Қара пантера фильміндегі кейіпкерге ұқсап қалдыңыз".

"Шашыңызды қидыңыз ба?", "Маған ұнамады", "Қазаққа тән емес", "Бояусыз өте жас көрінесіз", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998352-madina-saduaqasova-zana-obrazymen-kopsilikti-tangaldyrdy-foto/

pixel