Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенімен араласпай кетеді": Серғазы Тоқтарбек вайнерлер арасында бақталастық туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Seka Vines
Seka Vines. Фото: "ҚЫЗЫҚ LIVE" бағдарламасы

Елімізге Seka Vines атауымен танымал вайнерлер Серғазы Тоқтарбек пен Нұрғали Сисенғалиев алғаш рет жарнама арқылы 15 мың теңге тапқандарын айтып, жан сырын ақтарды. "ҚЫЗЫҚ LIVE" бағдарламасына келген олар вайнерлер арасындағы бақталастық туралы мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Серғазы Тоқтарбектің айтуынша, көп вайнерлер арасында Seka Vines-ке Нұрлан Батыров қолдау көрсеткен.

"Бірінші видеомыз көпшілікке ұнап, танымалдыққа ие болды. Бізді қолдағандардың алғашқылары Нұрлан Батыров. Көбінесе вайнерлер бір-бірімен бақталасып жүреді. Бір-бірін көре алмайды. КВН-де жүргенде бірімізге біріміз көмектесуге дайын болатынбыз. Ал вайн әлемінде оқырмандарың көбейіп, қаралымың асып кетсе, сенімен араласпай кетеді. Тіпті амандаспай кетеді.

Біз КВН-де жүргенде жұлдыз ауруымен ауырып, бастан біраз дүниені өткіздік. Сол себепті танымалдылыққа үйреніп қалғанбыз. Ал олар КВН көрмеген, аяқ астынан ақша келді, халық жақсы көріп жатыр. Бірақ оларға ренжеймін. Олар да бұл жағдайды бастан өткізу керек деп ойлаймын. Біз оларға қарамай жұмысымызды жалғастыра бердік", - деді Серғасы Тоқтарбек.

Серғазы Тоқтарбек әріптесі Нұрғали Сисенғалиев екеуі вайн түсірмес бұрын жарнамалық мәтінді тегін жазып берген күндері еске алды.

"Екеуміз вайнерлерге қарап, жандарында үйреніп жүрміз. "Мына жарнамаға мынадай әзіл түсіруге болады" деп әзіл сценарий жазып береміз. Ал олар ақшасын алады. Бірнәрсе беретін шығар деп, дәметесің. Ондай жоқ. Сосын өзіміз вайн түсіре бастадық. 100 мың оқырман жинадық, жарнама жоқ.

Сөйтсек, менен "Сен желіге келген хаттарды оқисың ба?" дейді. Сөйтсем, бізге бірнеше жарнамаға ұсыныс тастаған екен. Ал біз әлеуметтік желіде хат алмасуға болатынын білмейміз. Алғаш рет сушидің жарнамасын жасадық. Бізге 30 мың теңге берді. Екеуміз 15 мың теңгеден бөлісіп алдық. Ақша таба бастадық", - деп еске алды Серғазы Тоқтарбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998443-senimen-aralaspai-ketedi-sergazy-toqtarbek-vainerler-arasynda-baqtalastyq-turaly-aitty-video/

pixel