Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсімде көрдім": Әкесінен айырылған Анна Данченкоға көпшілік қолдау білдірді (видео)

Опубликовано:

Анна Данченко
Анна Данченко. Фото: instagram.com/ann_2905

Тележүргізуші Анна Данченко өмірін өзгерту үшін өзіне жүз күндік марафон ұйымдастырған. Түсінде өмірден өткен әкесі күліп жүруін өтінгенін айтқан тележүргізуші желі қолданушыларынан қолдау сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тәттісіз, ұн тағамдарынсыз, қарқынды жаттығуларға арналған жүз күн. Жаңа 20 кітап және жаңа жобалар. Дұрыс тамақтану мен спорт және дұрыс режим. Маған өзгеріс керек.

Кеше әкеме барып келдім. Сөйлестім, сырластым, жыладым. Кейін түсімде көрдім. "Күліп жүр, қызым" деді. Енді тек күліп жүруге тырысамын. Қолдап жіберіңіздер", - деп жазды Анна Данченко Instagram желісінде.

Ал тележүргізушінің оқырмандары оны әрдайым қолдауға дайын екендерін жеткізді.

"Аман болыңыз, қазақтың Аннасы. Еш мұңаймаңыз, біз сізбен біргеміз", "Анна қызым, сабыр сақта. Әкешіңнің жаны жәннатта болсын. Анашыңа ұзақ өмір берсін. Жеті күлше нан пісіріп қойыпсың, Алла тағала дұға-тілектеріңді қабыл етсін".

"Сіздей қызы бар әкеңіз бақытты ғұмыр кешті", "Анна ханым мықты болыңыз, сіз мықтысыз. Анаңыздың ғұмыр жасы ұзақ болсын", "Сіз күліп жүрсеңіз, әкеңіздің әруағы да риза болады", - деп қолдау көрсетті желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998451-tusimde-kordim-akesinen-aiyrylgan-anna-dancenkoga-kopsilik-qoldau-bildirdi-video/

pixel