Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұртас Айдарбеков: Шаңырақ болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды (видео)

Опубликовано:

Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекова
Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Қазақстандық жұлдыз Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, балалары мен немерелері жайлы айтып берді. Ол танымал адамның әкесі болудың жауапкершілігі қандай болатынын бөлісті.

- Қазір өнер адамдарының сүрінгенін құлады деп көретін заман болды. Танымал адамның әкесі болудың жауапкершілігі мен қиындығы қандай?

- Баласының жетістігіне әрбір ата-ана қуанады. Өнер жолында жүргендіктен оңай емес. Жанымызды шүберекке түйіп отырамыз. "Халықтың алдында жаман сөзге қалмаса екен", "аяғы шалынып кетпесе екен" деп уайымдап жүреміз. Жақсылығы болса қуанамыз, әттеген-айына іштей өкініп қаламыз. Әрқашан да түзу жолда жүруіне атсалысамыз.

- Әке ретінде ұлдарыңызға жиі айтатын кеңесіңіз бар ма?

- Үшеуі де Аллаға шүкір ер жетті. Дегенмен ата-ана болған соң көңіл толмай жүретін кездер болады. Кірсе де, шықса да, ұлдарыма "Қайда жүрсең де, кішіпейіл болыңдар" деп айтамын. Бұл менің әкелік кеңесім. Құдайға шүкір, бәрі де жаман емес сияқты.

- Қандай қайын атасыз?

- Өзімнен туған қыз жоқ. Бірақ немерелерім өзімнен туғандардан да артық. Келіндерім "папалап" жүгіріп жүреді. Келін қандай болса да, келін ғой. Бірақ өзім келіндерімді жанымнан жақсы көремін. Өйткені, бәрі де бір үйдің мәпелеп өсірген қыздары. Қандай жағдай болса да түсіністікпен қарауға тырысамын.

- Ұлдарыңыз бен келіндеріңіздің келіспеушілігіне куә болған сәттіріңіз болды ма?

- Шаңырақ болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Бірақ отбасы болғаннан кейін адам баласы кешірімді болу керек. Бірақ мен балаларымның отбасында ондай жағдайларға куә болмадым.

- "Немерем жанымнан тәтті" дейді қазақ. Сіздің "жеке меншігіңіз" кім?

- Барлық немерелерімді халық өзіме ұқсатады. Бөліп-жаратын аталардың қатарынан емеспін. Бәрін бірдей жақсы көремін. Әсіресе, тұңғышым Сезім "мен ғой сіздікі" деп еркелеп жүреді. Әкесін - аға, анасын - жеңеше деп үйретіп, жеке меншікке алғаным жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998728-nurtas-aidarbekov-sanyraq-bolgannan-keiin-ydys-ayaq-syldyrlamai-turmaidy/

pixel