Алтынай Жорабаева қайын атасымен алғаш танысқанда көзіне жас алғанын айтты (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты. Өнер иесі қазіргі жұбайының отбасымен алғаш танысқанда қайын атасының сөзінен соң көзіне жас алғанын еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алтынай Жорабаева марқұм қайын атасын еске алып, ол туралы естелігімен Instagram желісінде бөлісті.
"Ең алғаш ата-енеммен танысуға барған кезде қайын атам "Естіп жатырмыз, Әлішер екеуің отбасы болуға шешім қабылдаған екенсіңдер. Анасы екеуіміз қарсы емеспіз. Ата-анаң біледі ме?" деп сұрады. Мен тек анамның білетінін, әкемнің хабарсыз екенін айттым. Сол кезде қайын атамның түрі бұзылып, "Әкең келіспей қойса қайтеміз? Сен танымал жұлдызсың, әншісің. Ал біз қарапайым отбасымыз" деді", - деп еске алды әнші.
Ал болашақ қайын атасының жауабынан соң Алтынай Жорабаева көзіне жас алады.
"Ол не дегеніңіз? Алла қаласа, келіседі. Біздің оңтүстікте президенттің қызы болса да, төрт баласымен ажырасқан келіншекке отбасы құрмаған жігіттің үйленуі мүмкін емес жағдай", - деп жауап береді әнші.
Ал қазіргі күйеуінің әкесі бұл жағдайға балалардың еш кінәлі еместігін айтып, Алтынай Жорабаева мен ұлы Әлішерге батасын берген.
"Балалардың қандай кінәсі бар? Олар періште ғой. Ең бастысы Әлішер екеуің бақытты болып, қыздарды махаббатпен өсіріңідер. Өмірдің рахаты осы емес пе", - деп айтқан әншінің марқұм қайын атасы.
Алтынай Жорабаеваның марқұм қайын атасы жайлы естелігі көпшіліктің жүрегін елжіретті. Олар әншінің қайын атасы үшін дұғада болатындарын айтты.
"Сезгендей батасын беріп үлгеріпті", "Қайын атаңыздың жатқан жері жайлы болсын", "Қайынатаңыз Тұралы Смағұлұлын Алла алдынан жарылкасын. Иманы өзіне жолдас болсын. Жаны пейіштің төрінде шалқысын", "Атаңыздың батасын алып үлгеріпсіз. Сол батамен өсіп-өне беріңіздер", - деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998734-altynai-zorabaeva-qaiyn-atasymen-algas-tanysqanda-kozine-zas-alganyn-aitty-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.