Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова "Қара Севда" түрік сериалының қазақшасын түсірмек (видео)

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова
Гүлнұр Мамасарипова. Фото: Instagram/gulnur_mamasaripova

Қазақстандық продюсер Гүлнұр Мамасарипова танымал "Келінжан" телехикаясының соңғы бөлімін көпшілікке ұсынды. Енді ол түрік сериалы "Қара Севданың" қазақша нұсқасын түсіруді қолға алмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

- Гүлнұр ханым, "Келінжаннан" кейін қандай телесериал түсіруге ниеттісіз?

- Мен "Келінжаннан" кейін қандай дүние болса да резанонсты дүние болу керектігін түсінемін. Қазір сериал ретінде франшизамен жұмыс жасап бастадым. "Қара Севда" телесериалының қазақстандық нұсқасын түсіру бойынша халықаралық келіссөздер жүріп жатыр. Яғни, түрік сериалының қазақстандық нұсқасы болады. Ол халыққа ұнайды деп ойлаймын.

- Фильм барысында "Миллион" құрамасының жігіттерін байқап қалдық. Бірге коллаборация жасау кімнің ойы болды?

- Біз жалпы YouTube-та тренд үшін таласып қала беретінбіз. Әрдайым өзара "Келінжан" жеңе ме әлде "Жездуха" көп қаралым жинайды ма? деген бәсеке болатын. Сол бәсекенің нәтижесінде екеуін бірге қосып, осындай фильм жасау туралы шешімге келдік. Өздерінің аудиториясы бар, көрермені бар. Жақсы нәтиже, жаңа леп болады деп сенем.

- Жуырда туған күніңіз болды. Құтты болсын. Қалай тойладыңыздар?

- Жыл сайын улап-шулап тойлау үрдіс еді. Бұл жолы чатқа, құрбыларыма хабарласып, "Түнгі 00:00-ден соң құттықтап келмеңіздер. Бір күннен соң фильмнің тұсаукесері" деп мән-жайды түсіндірдім. Үйде жолдасым, немерем және өзім ғана болдық. Соншалықты тойлау болмады.

- Мүшел жаста ең сүйікті киімін тарату керек деген ырым бар…

- Иә, сол күні үйге қайынсіңілім келді. Сол кісіге өзімнің сүйіп киетін, қымбат, Аида Кауменованың камзолын сыйға тарттым.

- Немере демекші, Айланы кино түсіру жоспарда бар ма?

- Ол үш жасында "Ана жүрегі" деген фильмге түскен. Қазір жасы тоғызға келді. Бірақ, "киноға түсемін" деген аса үлкен талпынысы жоқ. Сабақтары қиын. Таңнан кешке дейін мектепте жүреді. Менде фокусын шашыратып жүрген жоқпын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998777-prodyuser-gulnur-mamasaripova-qara-sevda-turik-serialynyn-qazaqsasyn-tusirmek-video/

pixel