Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бал айында жүрген Айжан Байзақова 100 мың теңгелік таңғы асын көрсетті

Опубликовано:

Байзақова
Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova

Жақында тұрмысқа шыққан Айжан Байзақова жұбайымен бірге Мальдив аралдарына демалысқа аттанды. Бал айында жүрген ару күйеуінің 100 мың теңгеге алып берген таңғы асын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байзақова бұл жайлы Instagram парақшасында жазды.

"Дәл осы таңғы асты көріп, күйеуіме "Біз де солай тамақтанайық" дедім. Ал гид "Мұндай таңғы ас 100 мың теңге тұрады" дейді. Күйеуім бұл ақшаны желге шашу екенін айтты. Бірақ мен оған блогер болғандықтан таңғы астың маған керек екенін түсіндірдім.

Сосын көз жасыммен қол жеткізген таңғы аспен жақсылап суретке түсе алмайтыным есіме түсті. Блогерлік өмір деген осы", - деп жазды Байзақова.

Блогер осы таңғы ас үшін таңғы 8-де ұйқыдан оянған.

"Өзімнің пайдасыз таңғы асыма қол жеткізгеніме ризамын. Осы үшін таңғы 8-де ояндым. Ал күйеуім - ашулы, бассейн - суық. Жанымда тағы бір әйел жұбайына осындай таңғы асты қалайтынын айтып жатты. Әйелдер, біз кейде бір-бірімізге теріс әсерімізді тигізіп жатамыз", - деді блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998883-bal-aiynda-zurgen-aizan-baizaqova-100-myn-tengelik-tangy-asyn-korsetti/

pixel