Ақбота Керімбекова мемлекеттік қызметтен неге бас тартқанын айтты (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Ақбота Керімбекова 2021 жылы Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Арада 6 ай өткенде әнші өз еркімен бұл қызметтен бас тартқанын "1001 түн" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Халық сізді әнші ретінде біледі. БАҚ өкілдері сізді бір уақытта шенеунік ретінде көрді. Шымкент қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары деген ақпарат тарады. Мемлекеттік қызметке арнайы тест тапсырдыңыз. Шенеунік болдыңыз ба? Қазір шенеуніксіз бе", - деп сұрады.
Ал әнші бұл ақпараттың рас екенін, аз уақыт басшының орынбасары қызметін атқарғанын айтты.
"Қазір шенеунік емеспін. Жалпы былай болды, мені жұмысқа шақырды. Көп жерде мораторий болғандықтан, мен уақытша келісімшартпен басшының орынбасары болып жұмыс жасадым. Мемлекеттік тест тапсырдым, өттім. Ол да мемлекеттік қызметкерлер үшін абырой екен ғой.
Көбісі "Өнер адамдары тесттен өте алмайды" деп ойлады ғой. Қанша дегенмен намыс бар, тапсырып шықтым. Ары қарай өзім қаламадым. Сахнада, халықтың қошеметінде жүріп қалған адамға бір кабинетте отыру оңай болмады.
Алты ай келісімшартпен жұмыс істедім. Еркіндік жоқ. Өнеріме, шығармашылығыма сәл кедергі болды. Таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыста боласың. Ол жұмыстың менікі еместігін түсіндім. Одан да әнімді айтып жүре берейін. Бірақ басшы тарапынан заңды түрде тест тапсырғаннан кейін ұсыныс тастады. Мен "Ренжімеңіздер, әнімді айтып жүре берейін" дедім", - деп ағынан жарылды Ақбота Керімбекова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999204-aqbota-kerimbekova-memlekettik-qyzmetten-nege-bas-tartqanyn-aitty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.