Бекжан Тұрыс қоғамдық мәселеге бей-жай қарай алмайтынын айтты (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекжан Тұрыс қоғамда болып жатқан түрлі мәселелерге бей-жай қарай алмайтынын мәлімдеді. "Жақсы адамдарым" бағдарламасына келген актер қоғамдағы ұлттық идеология мәселесіне қатты алаңдайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мұңнан қашқан, шыннан қашқан" дейді. Жеке басымның мұңы емес. Мені тәрбиелеген орта, мені өсірген адамдар ұлт туралы көп айтатын. Мен бүгінгі қоғамның әр мәселесіне бей-жай қарай алмайтын адаммын. Керек жерде айтып жүремін.
Қоғамда ұлттық идеология мәселесі қатты алаңдатады. Ұлт деген - қоғамның шаңырағы. Шаңырақ шайқалмас үшін уығы - мемлекеттік идеология мен керегесі - ұлттық идеология болуы керек. Біз сол ұлттық идеологияны әлі де жасай алмай жатырмыз.
Кеңес дәуірін аңсағаннан емес, бірақ сол кездің өзінде қазақтағы дәстүр де, сөз де биік еді. Қазір тәуелсіз ел болғалы, егемендік алғалы неге соншалықты ұсақталып кеттік?", - деді Бекжан Тұрыс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999405-bekzan-turys-qogamdyq-maselege-bei-zai-qarai-almaitynyn-aitty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.