Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде отандық әнші Гүлмира Ізбасқанованың басына орамал салынған сәттің видеосы тарады (видео)

Опубликовано:

Гүлмира Ізбасқанова
Гүлмира Ізбасқанова. Фото: instagram.com/gulmira_izbaskhanova01

Отандық әнші Гүлмира Ізбасқановаға осыдан бірнеше күн бұрын өзіне сырға салынып, көктемде ұзатылғалы жатқанын айтқан болатын. Әлеуметтік желі арқылы танылған жұлдыз бұл жолы көпшілікке басына орамал салынған сәтті көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлмира Ізбасқанова басына жаулық тағылғанын Instagram желісіне жариялады.

Видеодан Нұрбигүл Сағындыққызының орындауындағы "Құтты болсын қадамың" әні қосылып, әншінің басына өзге әйелдің орамал таққан сәтін көруге болады.

Алайда желі қолданушылары әншінің тұрмысқа шыққанына сене қоймаған. Олар бұл әншінің әзілі деп ойлағандарын жасырмай, видео астына пікір қалдырды.

"Сеніңкіремей тұрмын", "Жастардың әзілі сияқты. Орамалды көрінген адам салмайды ғой", "Меніңше, Гүлмираның кезекті әзілі секілді. Шындықты қашан айтасың?", - деп пікір білдірді олар.

Ал желідегілердің кейбірі Гүлмира Ізбасқановаға шын жүректен бақыт тілейтіндерін жеткізді.

"Бақытты бол", "Орамал жарасады екен", "Әр адам бақытты болуға лайық", "Орамал тартқан соң әдемі келіншекке айналыпты", - деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлмира Ізбасқанова осыған дейін көктемде ұзатылатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999513-otandyq-ansi-gulmira-izbasqanovanyn-basyna-oramal-salyndy-video/

pixel