Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді көрерменге "Няня" (бизнес по-қыздарски) веб-сериалы ұсынылды

Жарияланған күні:

"Няня" сериалы
"Няня" сериалы. Фото: Salem social media

Salem social media жаңа лирикалық драма жанрындағы “Бизнес по-қыздарски” веб-сериалын көпшілікке ұсынды. Жобада тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйел адамның құқығы, әлеуметтік теңсіздік және қандай жағдай болса да әр адам өз аяғына тұра алатынын дәлелдейтін оқиғаларды баяндайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жоба сценарисінің бірі Анель Сартаеваның айтуынша, бұл веб-сериалды түсіруге қоғамдағы жалғызбасты аналардың жағдайы түрткі болған.

"Няня" (Бизнес по-қыздарски) веб-сериалының желісі жалғызбасты Жанар есімді әйел қатыгез күйеуінен қашып, қалаға бір тиынсыз келуінен басталады. Ол баласын аяқтандырып, үлкен қалада жанын бағу мақсатында жалданып жұмыс істеп жүреді. Жақсы өмір сүру үшін бұл жұмысы өзіне сай келмейтінін түсініп, аяқ астынан құрбысымен бизнес бастап кетеді. Нәтижесінде Жанар бай, тәккаппар әйелге бала күтушісі болып жұмысқа орналасып, түрлі қиындықтарды басынан өткізеді.

"Бұл сериалдың туындауына басты себеп болған ол - қоғамда кездесетін жалғызбасты аналардың жағдайы. Жалғызбасты аналар жетістікке жету үшін үнемі таңдау жасау керек болады және сол кезде көбісі өзін құрбан етеді. Айналамдағы таныстарым осы мәселемен өмір сүріп жатқаны мені қатты толғандырды.

Қазір Salem үшін әйелдерге арналған контент маңызды. Сондықтан бұл жоба әйел адамдарды жігерлендіріп, олардың қолынан бәрі келетінін дәлелдейді деп ойлаймын", - деді Анель Сартаева.

Айта кетейік, көрермен "Няня" веб-сериалын Youtube, Aitube желісіндегі Üide арнасынан және демалыс күндері "Алматы" телеарнасынан көре алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999854-endi-korermenge-nyanya-biznes-po-qyzdarski-veb-serialy-usynyldy/