Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Няня" телехикаясы бес күнде 1 млн қаралым жинады (видео)

Опубликовано:

"Няня" телехикаясы
"Няня" телехикаясы. Фото: Salem social media

Жақында Salem social media жаңа "Няня" веб-сериалының тұсаукесерін жасады. Жалғызбасты әйелдің өмірдің қиыншылығын жеңіп шығатынын бейнелеген телехикая 5 күннің ішінде 1 млн қаралым жинаған. Веб-сериал қазіргі таңда 2,7 млн қаралым жинап, әр апта сайын Youtube трендінде жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жоба авторларының айтуынша, "Няня" веб-сериалы өте маңызды жоба. Себебі оқиға қарапайым әйел адамның басынан кешкендерін суреттейді.

Сюжет бойынша, веб-сериал қыз-келіншектерді жетістікке жетуге шабыттандырады. Жанар есімді кейіпкер зорлық-зомбылықтан қашып, баласымен үлкен қалаға көшіп келеді. Баласы екеуіне жағдай жасау үшін, түрлі жұмыс істеп көреді. Нәтижесінде құрбысымен бизнес бастап, өзі сияқты келіншектерге көмектеседі.

"Няня" жобасының құрамы Жәнел Серғазина, Қобыланды Болат, Асель Қалиева, Салтанат Құдайберген, Шахнияз Данияр, Салих Бейсенбай, Ерік Хамидуллаев, Қуантай Әбдімәди, Азамат Шарғынов сынды жұлдызды топтан құралған.

Айта кетейік, көрермен "Няня" телехикаясын Youtube, Aitube желісіндегі Üide арнасынан және демалыс күндері "Алматы" телеарнасынан көре алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999860-nyanya-telexikayasy-bes-kunde-1-mln-qaralym-zinady-video/

pixel