Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші әйелінен туған балалармен қандай қарым-қатынаста екенін айтты (видео)
Жарияланған күні:
Айқын Төлепбергеннің қазіргі жұбайы Жұлдыз Өмірғали оның бірінші әйелінен туған балалары жайлы айтты. "MOM’sкий әңгіме" бағдарламасына қонаққа келген әнші жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Балалармен қарым-қатынас жақсы, шүкір. Балалар есейді, мектепке барып жүр. Бәрібір анасының кім екенін, менің кім екенімді біледі. Басында Асылым мені "Мама, мама" дейтін. Қазір "Тәте" дейді. Барынша жақсы қарауға тырысамын. Өзім әкеден ерте айырылғаннан кейін, әкенің орны бөлек екенін білемін. Сондықтан араласуына қарсылығым жоқ. Әрқашан оларды құшақ жайып қарсы алуға дайынмын.
Мүмкін өскенде басқа көзқараста болар. Қазір олардың есте сақтау қабілеті ерекше болады ғой. Сондықтан өскенде "Сен маған мынадай жамандық жасадың" деп айтуы мүмкін. Мен барынша соны жақсы естеліктермен толтырғым келеді. Тәрбиесіне араласпаймын. Себебі менің балаларым емес. Өз аналарының жақсы тәрбие беріп жатқанын білемін. Балалар өте тәрбиелі, ақылды", - деді Жұлдыз Өмірғали.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000113-zuldyz-omirgali-aiqynnyn-birinsi-aielinen-tugan-balalarmen-qandai-qarym-qatynasta-ekenin-aitty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.