Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ота жасалды": Ләйлә Сұлтанқызы өзіне қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс білдірді

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ота жасатқаны жайлы ақпарат тараған болатын. Тележүргізушінің өзі бұл ақпаратты растап, қолдау көрсеткен оқырмандарына алғыс білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы бұл жайлы Instagram парақшасында жазды.

"Өткен аптада ота жасалды. Қазір бәрі жақсы, шүкір. Ғұмырымның ең ауыр кезеңінде қолдау көрсеткен сіздерге көп рақмет! Денсаулықтарыңызды күтіңіздер. "Алла сүйген құлын жиі сынайды" дейді, бұл күндерді де өтерміз.

Кешелі бері алаңдап, жазып жатқан баршаңызға мың алғыс. Жақындарым да қатты уайымдап кеткен соң, байланысқа шыққаным жөн деп шештім", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қарашасында Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркімбаев өмірден өтті.

Ал ота жасалмас бұрын тележүргізуші күйеуін еске алып, денсаулығының сыр бергенін айтқан болатын.

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000119-ota-zasaldy-laila-sultanqyzy-ozine-qoldau-korsetken-kopsilikke-algys-bildirdi/

pixel