"Күліп жүрмей, балалы болуды ойла": Алты жылдан бері сәби аңсап жүрген Елдос Колобок елдің сынына жауап берді
Жарияланған күні:
Қазақстанға "Елдос Колобок" есімімен танылған блогер Елдос Қадірханов пен жұбайы алты жылдан бері сәби иісін аңсап келеді. Блогер әлеуметтік желіде өз өмірін сынға алып, балалы болуға қатысты сұрақпен мазалайтын хейтерлеріне жауап қайтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Елдос Қадірханов бұл жайлы Instagram парақшасында жариялады.
"Мәселесі жоқ адамдай боп суретке түсеміз ғой. Алланың берген сынағы тірі жүрген адамның бәрінде бар. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы. Біреуге пәтер керек, біреуге ақша керек. Біреуге қымбат көлік, жақсы жұмыс, денсаулық керек. Ал бізге бала керек.
Бірақ "Баласы жоқ адамға ойнап, күліп өмір сүруге болмайды" деп бір жерде жазылған ба? Баласы жоқ адам бақытты болуға құқығы жоқ па? Баласы жоқ адамға жұмыс істеп, ақша табуға, қыдыруға болмайды ма? Адамда тек балалы болу деген бір ғана арман бар ма?
Маған күніне баласы бардан да, жоқтан да мыңдаған хат келеді. Оқып отырып, жүрек ауырады. Неге? Себебі баласы бар адам "Сенде бала жоқ. Күліп жүрмей, балалы болуды ойла" деп ауыр жазады. Ал баласы жоқ адам "Біз де сәбилі болғымыз келеді. Сабырмен күтіп жүрміз. Сіздер бізге мотивация болдыңыздар" деп, екі есе жүректі ауыртады", - деп жазды блогер.
Сондай- ақ ол егер балалы болса, Қазақстанды аралап жүріп сүйінші сұрайтынын айтты.
"Бізге енді алты жыл болды. Он жылдап бала аңсап жүрген оқырмандарымыз өте көп. Баласы бар адам ауыр сөз жазар алдын ойлануы керек. Алдында не күтіп тұрғанын ешкім білмейді, Алла сана берсін. Ал бала сүюді аңсап жүргендерге Алла егіздеп берсін. Алла қаласа, Қазақстанды аралап жүріп сүйінші сұраймын", - деп жазды Елдос Қадірханов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000129-kulip-zurmei-balaly-boludy-oila-alty-zyldan-beri-sabi-ansap-zurgen-eldos-kolobok-eldin-synyna-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.