Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен қалай танысқанын айтып берді (видео)

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев, Балжан Бидаш
Жахан Отарғалиев, Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev

Қазақстандық актер Жахан Отарғалиев жұбайы Балжан Бидашпен таныстығы жайлы айтып, жан сырын ақтарды. "Кешью" әншісімен Стамбұлда танысқан актер оны сәтсіз әзілімен ренжітіп алып, Балжан Бидаштың құлағына жасалатын қымбат отаның ақшасын төлеп берген. Отарғалиев бұл жайлы Динара Сәтжанмен сұхбат барысында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Шынымды айтайын, мен Балжанға "Кешью" әншісі екен деп үйленбедім. Балжан маған қылығымен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен ұнады. Біз танысқан кезде ол "Кешьюде" болмады. Мен оның бейнебаяндарын, сахнада көріп жүрдім. Көрермен оны әнші ретінде таныса, мен оны басқа қырынан таныдым.

Стамбұлда таныстық, кездестік. Мен оның артынан бір айдан астам уақыт жүгірдім. Мен әзіл айтқанды жақсы көремін. Сондықтан әзіл көтере алатын қыз іздеймін. Қандай әзіл айтсам да, Балжан күлмейді. "Сенің құлағың естімейді ме?" дедім. Сөйтсем, Балжан "Жахан ренжіме, менің құлағым шынымен дұрыс естімейді. Екі құлағымның барабаны жарылып, соны емдетуге келдім" деді.

Мен кешірім сұрап, кінәмді өтеу үшін қанша тұратынын сұрадым. "Балжан, сен маған ұнайсың. Сондықтан мен саған сол отаны жасатып берейін. Ең болмаса бағасын білші" деп айттым. Балжан ұзақ уақыт келіспей жүрді", - деп айтты Отарғалиев.

Ал кейінірек Балжан Бидаш ол отаның 9 мың доллар тұратынын айтқан.

"Балжан үшін үйдегі құрылыс жұмыстарын тоқтатып тастадым. Мен ер адам ретінде оған уәде бердім, соны жасағым келді. Сен өмірде бірнәрсені қаласаң, Алла жолын ашады. Сол жақта таныстарым табылып, 3 мың долларға ота жасататын жер таптық. Сосын Балжанға айттым "Сені ұнататынымды білесің ғой. Ақшаны тауып, қолыңа ұстатқан кезде бір рет саған ұсыныс айтамын. Егер ұсынысымды қабылдамасаң, онда бұл достық көмегім болсын. Кейін саған да күнім түсер" дедім. Сөйтіп ақшаны әкеп беремін. Пәтеріне бөлек ақша тауып берем, ота жасататын клиниканы көрсеттім.

Отаны жасап болғаннан кейін, Балжан "Жахан, сен де маған ұнайсың" деді. Сол жерде досым отаны 3 мың доллардан да арзан жасатып береді ғой. Балжан екеуміз қалған ақшаға қыдырдық. Бірде қарасам, жанымызда зергерлік дүкені тұр екен. Сол жерде Балжанға ұнаған сақинаны алып, қолына тақтым. Қазақстанға келгенде, Балжанды құрылысын тоқтатып тастаған үйіме алып бардым. Бәрін қарап шықты", - деді Жахан Отарғалиев.

Алайда Балжан Бидаш Жаханнан ұсынысы жайлы ойлануға уақыт сұраған.

"Ол "Қазақстандағы Жаханды көргім келеді" дейді. Менің Стамбұлдағы Жаханнан еш айырмашылығым жоқ, "Маған ертең жауабын бер" дедім. Сосын ертесі келді де, "Камераны қос" деді. Камераны қостым, ол қолындағы сақинасын шешті де, маған берді. "Демек жоқ" деп, денем түршігіп кетті.

Сөйтсем, Балжан қолыма сақинаны ұстатып, "Дұрыстап ұсыныс жасашы" деді. Сол жерде ұсыныс жасап, ол келісті. Сосын үйіне барып, ата-анасымен таныстық. Мен анама хабарласып, үйленетінімді айттым. Аналарымыз сөйлесіп, бір аптадан кейін Балжанды алып кеттім", - деді Жахан Отарғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000190-zaxan-otargaliev-balzan-bidaspen-qalai-tanysqanyn-aityp-berdi-video/

pixel