Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Керімбекова: Мінезді орынсыз көрсете беруге болмайды (видео)

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: instagram.com/botakerim

Әнші Ақбота Керімбекова жас кезінде мінезінің жалтақ, өз ойын айта алмайтын ұяң болғанын ашып айтты. "Менің өмірім" бағдарламасына келген әнші есейе келе мінезінің неліктен өзгергенін де баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мінезім болмаса, осы дәрежеге жетпес пе едім? Мінезі жоқтардан қорқамын. Өзі шешім қабылдай алмайтын, ойын айта алмайтын, бос, әлсіз, өз өмірінен қорқатын адамдарды түсінбеймін. "Анау бірнәрсе айтады, мынау бірнәрсе айтып қояды" деп жалтақтап, біреу үшін өмір сүретіндерді түсінбеймін.

Алла өмір берді ме, сүр, көр. Иә, өмір - оңай емес. Қиыншылығы, құлайтын кезі, шарықтайтын сәті болады. Өмір - күрес. Ол сонысымен қызық. Мінезміндетті түрде болу керек. Мінез - ол әркімнің болмысы. Әйтеуір тірлігіңе мықты болып, ойыңды айту керек. Мінезді орынсыз көрсете беруге де болмайды. Оның да көрсететін орны болады", - деді Ақбота Керімбекова.

Сондай-ақ әнші жас күнінде мінезінің жалтақ болғанын, алайда уақыт өте келе бүгінгі мінезіне қол жеткізгенін жасырмады.

"Бойжетіп, мектеп бітірген уақытта жалтақ болатынмын. Өз ойымды айта алмай, қорқақтайтынмын. Өмірді сүре келе, небір адамдар кездестіріп, қалыптасты. Өмір - күрес. Мені өмірде көрмеген адамдар "нәзік" деп ойлайды екен. Алайда өмірде керісінше", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000319-aqbota-kerimbekova-minezdi-orynsyz-korsete-beruge-bolmaidy-video/

pixel