Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аршат пен Дәу: "Төбе" бірлестігінің мақсаты қазақ тіліне деген сұранысты ұлғайту (видео)

Жарияланған күні:

"Төбе" бірлестігі
"Төбе" бірлестігі. Фото: "Қызық Live" бағдарламасы

"Төбе" бірлестігінің музыканттары Аршат пен Дәу "Қызық Live" бағдарламасында неге бірлестіктің атауын олай қойғандарын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас жігіттер елге танымал қазақстандық телехикаялардың саундтректерін жазып шыққан.

"Біздің бірлестіктің мақсаты - қазақ тіліне деген сұранысты ұлғайту. Сонымен қатар біз альбомдарымызды бір-біріне ұқсамайтын қылып шығарамыз. Яғни, бір жанрдың немесе бір өлеңнің әншісі болып қалғымыз келмейді. Әртүрлі жанрда, бағытта өзімізді сынап, байқап көргіміз келеді.

"Төбе" бірлестігінің атауы Ақтөбеден шыққанымыз үшін қойылмаған. Төбенің оған қатысы жоқ. Біз Көктөбе шағын ауданында, Домбыра деген көшеде тұрдық. Шағын аудан "Көктөбе" болғасын, келген қонақтар "Төбедеміз. Төбеге кел" деп, сонымен "Төбе" бірлестігі шықты. Негізі бірлестігімізде Қостанай, Шымкент, Семей мен Өскемен өңірінен келген өнер адамдары бар. Біздің бірлестік музыка, театр, кино саласын қамтиды", - деді Аршат пен Дәу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000339-arsat-pen-dau-tobe-birlestiginin-maqsaty-qazaq-tiline-degen-suranysty-ulgaitu-video/