"Менің жеке демеушім": Танымал қазақстандық модель күйеуіне алғыс айтты (фото)
Жарияланған күні:
"Қазақстан аруы-2014" Айдай Исаева Instagram парақшасында сүйіктісіне алғыс айтты. Ол күйеуінің жеке демеушісі екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Әйел затын өмір жолында жолдасының қолдауы өте маңызды. Кез келген жағдайда қолдау көрсету әр ер адамның қолынан келе бермейді. Өзінің жұмысы тым көп болса да, менің кез келген жобамды маңызды етіп көретін біздің үйдің отағасы бар. Менің жеке демеушім", - деп жазды Айдай Исаева.
Ал желі қолданушылары Исаева мен жолдасына бақыт тілеп, пікір білдірген.
"Өте жарасымды жұп екенсіздер", "Бәріне жақсы адам жолыға бермейді", "Алла тіл-көзден сақтасын", "Бақытыңыз баянды болсын", "Ер адамның қолдау білдіргеніне не жетсін", - деп жазды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, үш баланы тәрбиелеп отырған Айдай Исаева осыған дейін түсік болып, бір баласынан айырылып қалғанын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000449-aidai-isaeva-kopsilikke-zubaiyn-korsetti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.