Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық блогер әйелінің уәдесінен соң таунхаус сатып алды (видео)

Опубликовано:

Арман Юсупов жұбайымен
Арман Юсупов жұбайымен. Фото: instagram.com/yussupov21

Отандық блогер Арман Юсупов әйелінің уәдесінен соң таунхаус сатып алған. Блогер сатып алған үйінің аумағы 250 шаршы метрді құрайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арман Юсуповтың айтуынша, жұбайы жылжымайтын мүлік сатып алса, үшінші сәбиді босануға уәде берген. Ол бұл жайлы Instagram парақшасында айтып берді.

"Бір күні жұбайым "Егер үй, таунхаус сатып алсақ, онда мен үшінші баланы босанамын" деді. Бұл сөз қатты әсер еткені сонша, шынымен орындауға ниеттендім. Мұны өз армандарымның арасына жазып қойдым. Неліктен екенін білмеймін, бірақ үйдің аумағын "250 шаршы метр" деп жаздым", - деді блогер.

Арман Юсупов кейінірек Айым Сейтметованың жұбайымен жолығады. Ол Арманды өз коттеджімен таныстырып шыққан. Әңгіме арасында Сейтметованың жолдасы көрші үйде 250 шаршы метрлік таунхаустың сатылып жатқанын айтып қалады.

"Мен бірден "Болды, аламын" деймін. Бірақ сол сәтте қалтамда ақша болмады. Келесі күні таунхаустың егесімен кездесіп, үйді сатып алуға келісемін. Қалтамда көк тиыным болмаса да, үй иесіне жыл соңына дейін ақысын төлеуге сөз беремін", - дейді толық құрылысы бітпеген үйді көрсеткен блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000534-ui-alsaq-usinsi-balany-bosanamyn-otandyq-bloger-aielinin-uadesinen-son-taunxaus-satyp-aldy-video/

pixel