jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Аиша: "Мен Айбекке тұрмысқа шықпаймын" деп айтатынмын (видео)

    Бүркіт пен Аиша
    Бүркіт пен Аиша. Фото: instagram.com/berkut_aibekjan

    Отандық әнші Бүркіттің жұбайы Аиша "MOM’sкий әңгіме" бағдарламасына қонаққа келіп, жан сырын ақтарды. Ол көпшілікке Бүркіт лақап атымен танылған күйеуі Айбек Жансейітовке тұрмысқа шыққысы келмегенін жасырмай айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдызды жұп бүгінде екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

    "Маған үйленгенде Айбектің жасы 34-ке келген болатын. Шындығында, біздің үйленуіміз өте тез болды. Тезірек неке қидырдық, беташар жасадық. Өзіміз шешім қабылдап, сосын әке-шешемізге айттық.

    Үйленуіміз де қызық болды. Кездесіп жүрген уақыттарым қиын кезең болды. Себебі мен тұрмысқа шыққым келмеді. Менің ата-анам таңғалды. Өйткені, үнемі "Мен Айбекке тұрмысқа шықпаймын" деп айтатынмын. Сол себепті анам таңғалды, әлі күнге "Сен тіпті ең маңызды шешімді қабылдарда менімен ақылдаспадың ғой" деп айтады. Айбек өзі шешім қабылдайтын адам. Сондықтан маған үйлену үшін бәрін жасады. Мені жібермеді, ал мен не істерімді білмедім.

    Кейінірек Айбек менен кетіп қалды. Осы оқиғадан бір ай өткенде Айбек екеуміз кездейсоқ кездесіп қалдық. Менің жүрегімде махаббат сол уақытта оянды. "Тұрмысқа шығу керек" деп сол уақытта ойладым", - деп айтты Аиша.

    Аиша: "Мен Айбекке тұрмысқа шықпаймын" деп айтатынмын (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.