Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіктің 18 жасын тойлаған суреті желіге тарады (фото)

Опубликовано:

Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Бесбаев
Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Бесбаев. Фото: instagram.com/aigulyelshibayeva01

Әлеуметтік желіде Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Бесбаевтың 18 жасын Алматыда достарының арасында атап өткен суреті тарады. Жастық шақтың қызықты естелігін дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Instagram желісінде бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осы суреттің түпнұсқасы. Күзде туған Тоқтар мен Мейрамбектің "18 жас" деп жасаған туған күндерінен естелік. 1994 жыл, Алматы қаласы.

Тоқтар жасарғысы келді ме, 19-ға толса да, жоғарыға "18 жас" деп жазғаны әлі күнге дейін жұмбақ күйде қалды. Бәрі көз алдымызда. Осы кештер кеше ғана болған оқиғадай", - деп жазды Айгүл Елшібаева.

Дәстүрлі әншінің жазбасынан соң желі қолданушылары да өз жастық шағын еске алып, қайта келмес кездерді сағынғанын жарыса жазды.

"Қайран жастық шақ", "Бұл естелікке де отыз жыл болып қалыпты ғой", "Достықтарыңыз мәңгі ажырамасын", "Жігіттерде баламұрт, қыздардың шашы қолдан бұйраланған, кездер-ай", "Кешегі - сурет, бүгінгі - тарих", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000702-meirambek-besbaev-pen-toqtar-seriktin-18-zasyn-toilagan-sureti-zelige-tarady-foto/

pixel